KZT
Книга сулейменов о.о. атамзаманғы түркілер - Издательский дом "Библиотека Олжаса", ТОО Алматы (Казахстан) - купить, цена, фото
Отзывов: 0
Издательский дом "Библиотека Олжаса", ТОО
+7 (727) 261-38-90
Книга Сулейменов О.О. АТАМЗАМАНҒЫ ТҮРКІЛЕР
  • Книга Сулейменов О.О. АТАМЗАМАНҒЫ ТҮРКІЛЕР

Книга Сулейменов О.О. АТАМЗАМАНҒЫ ТҮРКІЛЕР

Нет в наличии
Цена:
1400 тг
Доставка:
Описание

Аса көрнекті ақын және қоғам қайраткері О.Сүлейменов оқырмандарға жау­һар жырларымен қатар, лингвистика саласында терең пайымды ой тол­ғаған еңбектерімен де кеңінен танымал. Ақынды қалам қуаты әлемдік әдебиет кеңіс­тігінде қандай биікке алып шықса, зерттеу еңбектері де оны түркология әлемі кеңіс­тігінде сондай заңғар көкке көтерді. Шайырлық шабытпен, тілге деген іңкәр сүйіспеншілікпен жазылған ғалымның жаңа туындылары оқырмандарын ешуақытта бейжай қалдырған емес. Олжас еңбектерінің құндылығы ең алдымен мәселені төл тарихымызбен байланыстырып, салыстырып зерттеуінде деу керек. Бұл тұрғыдан ол қасаң көзқарастың тоңын бұзып, жаңа танымның қалыптасуына ықпал етті, түркологияны бір белеске көтеріп тастады.

Ойшыл ғалым көне түркі жазуының пайда болуы мен дамуын әлемдік өркениетке қосылған үлес деп бағалап, дәлелдеп келеді. Автор бір ғасырдан астам уақыт бойы славян және түркі тілдері бір-бірінен оқшау зерттелініп келгендіктен, мұның өзі этностардың өзара етене байланысты дамуының табиғатына қайшы келетінін, сондықтан жаңа түркі-славянтану пәнін енгізу қажеттігін негіздейді. Түркі тілдерін славян, үндіевропа және басқа да тілдермен салыстырып, көптеген сөздердің төркінін - этимологиясын талдап ашып беру арқылы ақын қазақ тілін ғана емес, түркі тілдерін өте нәзік әрі терең білетіндігін көрсетеді.

Информация актуальна: 07.09.2020
Способы доставки

Подробнее

Книга Сулейменов О.О. АТАМЗАМАНҒЫ ТҮРКІЛЕР от компании Издательский дом "Библиотека Олжаса", ТОО, Алматы (Казахстан). Купить Книга Сулейменов О.О. АТАМЗАМАНҒЫ ТҮРКІЛЕР со склада. Цена, фото, условия доставки. Звоните!
Подобные товары
LiveInternet